Accessibility links

Қазақстан, Ресей, Украина және Беларуссияның президенттері жексенбі күні Украинаның Ялта қаласында бас қосты.


Қазақстан, Ресей, Украина және Беларуссия президенттері бүгін Украинаның Ялта қаласында біртұтас экономикалық кеңістік құру мәселесін талдайды. Ресей президенті В.Путин төрт жақты бас қосудың сыртында украин президенті Леонид Кучмамен, Қазақстан президенті Н.Назарбаевпен және беларусь президенті Александр Лукашенкомен жеке-жеке екі жақты келіссөздер өткізеді. Келіссөздер барысында Ан-70 жүк ұшақтарын жасау туралы ресей-украин және атом электр стансаларына қажетті отын өндіру жөніндегі қазақ-орыс-украин бірлескен жобалары сөз болады деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG