Accessibility links

«Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешенін салудың экологиялық тиімділігі бар


Қазақстан - Ресей бірлескен жобасы бойынша «Бәйтерек» зымыран–ғарыш кешеніне бөлінетін 200 милиион доллар несиені Қазақстан Үкіметі жеті жылдың ішінде қайтаруды көздеп отыр.

Бұл туралы мамырдың 24-і күні Қазақстанның Көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағманов парламент депутатарымен кездесуінде мәлім етті. Министрдің айтуынша «Байқоңыр» ғарыш кешенінде «Бәйтерек» зымыран кешенін салу экологиялық қауіпсіздікті түбегейлі өзгертеді.

Ғарыштық зерттеу институты директорының орынбасары Бағдат Сүйменбаевтің айтуынша, аталған жобаның келешегі бар.

Мәжіліс депутаты Ержан Рахметовтің пікірінше, мамандар жоқ бола тұра ғарышты иегурде Қазақстанның жақын уақыттарда адыңғылардың бірі болуы «тамаша жағдай».

Ал, Мәжілістің тағы бір депутаты Қуаныш Алпысбеков, аталған ғарыш кешенін салу жобасын қолдайды.

«Ғарышты игеретін болсақ, халық шаруашылығына керек шаруаларды да іске асыруға болады» дейді. Көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағманов оң пікір білдіріп отырған тағы бір мәселе Еуропа мен Азияның ортасын жалғайтын темір жол көлігі дәлізін салу.

«Былтыр біз 6,5 млн тонна транзитті жіберіп, 12,5 миллиард теңге ақша таптық. Ал, Қазақстан арқылы өтетін темір жол болса транзитті 30 миллион тоннаға дейін жеткізуге болады» дейді ол.

Министрдің пікірінше, бұның саясаттық жолдары бар. Бұл мәселеге Түркменияның көзқарасы қандай болары белгісіз дейді. Депутат Валентин Макалкиннің пікірінше, аталған жоба Қытай еліне мейлінше керек.

Жекелеген депутатар аталған темір жол көлігі дәлізін салу туралы мәселенің көптеген сауалдарды туындататынын айтады. Ал, министр Қажымұрат Нағманов, жоба әйтеуір іске асырылады деген ойда.
XS
SM
MD
LG