Израиль Газа аймағындағы бір аптаға созылған әскери операциясының аяқталғанын жариялап, армия палестиндік босқындардың Рафаһ лагерін тастап шықты. Армия басшылығының хабарлауынша, палестиндік жасақтар паналаған немесе астынан қару-жарақ тасымалданатын жерасты тоннельдер өтетін 50-ге жуық үйді қиратқан. Әлем қауымдастығы Израиль әскерінің 40-тан аса палестиндіктің қазасына себеп болған іс-қимылына наразылық білдірді.