Accessibility links

Ресми сапармен Қазақстанда жүрген Норвегия корольдігінің премьер-министрі Кьел Магне Бондевик Қазақстанның Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастығы жөніндегі ұйымға төрағалық ету үшін, адам құқықтары жөніндегі декларацияға қол қойып қана қоймай, оны орындау қажет деді.


Норвегия корольдігінің премьер-министрі Кьел Магне Бондевик ресми сапармен Қазақстанға келді. Норвегия қонағы айтып өткендей, Норвегия Қазақстанның Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастығы жөніндегі ұйымға төрағалық ету туралы өтініш дайындауға көмегін тигізеді. Бірақ, бұл ұйымға төрағалық ету үшін, тек адам құқықтары жөніндегі декларацияға қол қойып қана қоймай, оны орындау қажет деді Норвегия корольдігінің премьер министрі Кьел Магне Бондевик.

Ал, Норвегия журналистері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Астананы неге көшірдіңіздер деген сұрақ қойды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл Астананы елдің орталығына көшіру қажеттігінен жасалған шара деп жауап берді.

Қазақстаннан Норвегияға астық пен өндіріс тауарларын сатады. Ал Норвегиядан негізінен әр түрлі жабдықтар, технологиялар және химия өндірісінің өнімдері жеткізіледі. Қазір, Қазақстанда Норвегияның 10 фирмасы жұмыс стейді. Олар қара және түсті металдарға, минералды тыңайтқыштарға қызығушылығын білдіртіп отыр. Норвегия корольдігінің премьер-министрі Кьел Магне Бондевик айтып өткендей, Норвегиялықтар негізінен Қазақстанның мұнай және газ салаларына қызығушылығын білдіртіп отыр.

Қазақстан өз кезегінде Норвегияның мұнай өңдеу, газ өндірісі, машина және кеме жасау, радиоэлектроника салаларындағы озық технологияларына қатысты ықыласын білдірткен. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы қызығушылықтарды атап өтті.

Жалпы, Норвегияның Қазақстанға қатысты инвестициясы төмендеп кеткен дейді қазақстандық сарапшылар. Өткен жылғы екі ел арасындағы тауарайналым 18 млн. доллар болған.
XS
SM
MD
LG