Accessibility links

Ирақты тұрақтандыру жөніндегі АҚШ президентінің соңғы мәлімдемесі.


Өткен түні АҚШ президенті Джордж Буш одақтастар Ирақтағы билікті Ирақтың жаңа үкіметіне маусымның 30 да өткізеді деді. "Біз Ирақтың егемен үкіметіне билікті тапсырамыз, қауіпсіздік орнатуға, Ирақ ішкіқұрылымдарын қалыпқа келтіруге, халықаралық көмекті кеңейтуге және Ираққа жаңа басшылық алып келетін ұлттық сайлау өткізуге жәрдем беретін боламыз" деді Буш. Буш бұ мәлімдемесін АҚШ пен Британия Ирақ бойынша БҰҰ ның Қауіпсіздік Кеңесіне жаңа қаулы жобасын ұсынғаннан кейін жасады. Алдағы аптада БҰҰ ның Ирақ бойынша өкілі Лағдар Брахими Ирақтың жаңа үкіметінің құрамын жарияламақ. Атап айтқанда президенттің, екі вице-президенттің, үкімет басының, 26 министрдің атын атамақ. Лондонда Ирақ уақытша үкіметінің қорғаныс министрі Али Аллави Ирақтағы шетел әскері бір ай ішінде Ирақты тастап шығуы керек деді. Ирақ егемендігі қайта қалыпқа түсетін 30 маусымнан кейін шетел әскері Ирақта қалмауы керек деді.
XS
SM
MD
LG