Accessibility links

Грузия Мәскеумен виза бойынша келіссөздер өткізіп отырған шақта шешендерге сот үкімін шығарып отыр.


Тбилиси мен Мәскеудің өз ара қарым-қатынастарын жақсартуға бет алған қадамдары 1999-ы жылдан басталған Солтүстік Кавказдағы Ресей әскерінің екінші соғыс қимылдарынан бас сауғалап Грузияны паналаған шешен босқындары үшін оңай соқпайды. Дүйсенбі күні үкім шығарған сот шешіміне сүйенер болсақ Грузияның көтерілісшіл шешен жауынгерлері деп отырған сезіктілерді барған сайын қатаң жазалауы айқындалады.

Дүйсенбі күні Тбилиси соты көтерілісшіл шешен жауынгерлері болуы мүмкін 4 шешен жігітін төрт жылға бас бостандығынан айру туралы үкім шығарды. Бұл шешім соғыс жүріп жатқан Солтүстік Кавказ аймағынан келген босқындардың құқықтарын қорғаушы грузин белсенділерінің алаңдаушылығын тудырып отыр. Тбилисиде сотқа тартылған азаматтардың аты жөні Асланбек Ханчукаев, Ахмет Магомедов, Хамзат Исаев және Халид Әлиев бұларға 2002-і жылы Тбилиси абақтысында күзетшілермен төбелескендері бойынша айып тағылып отыр. Бұл іс бойынша бесінші сотқа тартылушы Грузиялық Панкиси шатқалының тумасы кистин Георги Куштанашвили.

Тбилисиде орналасқан үкіметтік емес Саяси Тұтқындар Адам құқықтары үшін атты ұйымды басқарушы Нана Какабадзенің айтуынша, жауапқа тартылушыларға қойылған айыптар еш негізсіз:

"Бұл үкім әділ емес. Бұндай төбелес болған жоқ. Мен, барлық жауапкершілікпен айта аламын бұл оларды темір тор артында ұстаудың амалы."

Дүйсенбі күні сотқа тартылған 5 азамат, 2002-і жылдың тамызында Грузияға Шешен елінен өткен қарулы 13 адамның қатарында қамауға алынған. Олардың бесеуі көп ұзамай Ресейге берілген. 18-і ақпанда Ресей соты олардың 4-уіне 18 айдан 10 жылға шейін бас бостандығынан айру туралы үкім шығарды. Қамауға алынған сегіз адамның үшеуін Грузия соты үш ай бұрын қамақтан босатып, олардың гүржі шекарашыларына өз еріктерімен беріліген ескеріп еді. Бостандыққа шықан үш адамның екеуі құпия жағдайда жоғалып кеткен. Адам құқықтарын қорғаушылардың айтуынша, ол адамдар құпия жағдайда Ресей шекарасына жеткізіліп сол жақтың қолына тапсырылған. Бірақ Грузия үкіметі бұны жоққа шығаруда. Бір шешен босқыны Азаттық радиосына құпия түрде айтуынша, ол екі шешен жігіті Ресейдің Ессентуки қалсының түрмесінде отыр. Бір кездер оның өзі де, ресейлік абақтыда отырып туған туыстары 5 мың доллар төлегенен соң бостандыққа шыққан. Бұл екінші шешен соғысы басталғалы бері қалыптасқан жағдай.

Қаңтар айында Михайл Саакашвили президент болып сайланғанша, Мәскеу үнемі Эдуард Шеварнадзені Панкиси шатқалын шешен жауынгерлерінің жатығып тынығатын орны ретінді беріп қойғанда айыптаумен келді. Панкисиді 7 мың грузиялық шешендер мекендейді, олардың ата-бабалары бір кезде, кезекті орыс-Кавкас соғысы кезінде осы жаққа ауып келген.

Мәскеумен байланыстарды жақсартуды аса қалайтын Саакашвили ақпан айында Мәскеуде болған кезінде Ресейлік әріптесі Владимир Путинге шешен көтерілісшілеріне қарсы бірлесе күресетіндігін айтып уәде берді. Көкектің 22-і күн Тбилисиде екі елдің шекарашылары екі жақты серіктестік бойынша келісімге қол қойды.

Құқық қорғаушы Какабадзенің айтуынша, Саакашвилидің Ресейге берген уәдесі Грузиядағы шешендер үшін жаманшылықтың нышаны. Ол, түрмеде отырған 4 шешен жігітінің тағдырына алаңдаулы : " Бұған бірнеше, наразылық танытулар болып, біз, баспасөз конференцияларын өткіздік. Бұдан кейін біздің үкімет бұл шешендерді түрмеде қалдырды, менің ойымша, бұл оларды түрме арқылы тапсыру үшін жасалып отыр."

Осыдан үш жыл бұрын Панкисиге байланысты дау-дамай туындаған шақта Мәскеу Грузия азаматтарына визалық тәртіп енгізген еді.

Сейсенбі, күні Тбилисидің жеке меншік "Мзе" телеарнасына берген сұқпатында Грузия бас министрі Зураб Жвания өзінің Мәскеуге сапары кезінде ресейлік ұлықтарымен визаны алып тастау мәселесін талқылайтындығын және ол екі жақты түсіністік тауып отырғандығына тоқталды.
XS
SM
MD
LG