АҚШ ның әскерімен шайқасып жатқан шиит қолбасшысы Ал-Садрмен болған келісімнен кейін бүгін Нажаф қаласында атыс тоқтап тұр. Оған себеп кеше шиит дінбасыларымен Ирақ басқарушы кеңесі өкілдері кездесіп мәмілеге келген еді. АҚШ жағы алайда Ал- Садрды тұтқындамау жәйлі ұсынысқа көнбей отыр. АҚШ бастаған одақтастар өкілі Дан Сенор:
"Ирақ бойынша Мұқтада Ал –Садр қосындарын қарусыздандыру немесе Ал-Садрды тұтқындау жөніндегі шешімімізді өзгерткеніміз жоқ" деді АҚШ бастаған одақтастар өкілі.
"Ирақ бойынша Мұқтада Ал –Садр қосындарын қарусыздандыру немесе Ал-Садрды тұтқындау жөніндегі шешімімізді өзгерткеніміз жоқ" деді АҚШ бастаған одақтастар өкілі.