Accessibility links

АҚШ әскерлері Мұқтада әл-Садр жасақтарымен шайқастарын Куфаға жақын маңда, осы түнде қайта жалғастырды.


Қала маңына жақын жерде АҚШ-тың екі солдаты қаза болған екен. Танкіні алдарында жүргізе отырып, Америка солдаттары бас мешіт жанында екі сағатқа жуық шайқас жүргізген. Тұрғындардың айтуынша бұл шайқастар соңғы алты апта ішіндегі ең пәрмендісі болған. Сондай-ақ осыған ұқсас шайқастар Нажаф қаласы маңында да жүрген екен. Бұдан үш күн бұрын арағайындыққа жүрген шии көсемдері Әл-Садрдың өзара келісімге келуді ұсынып отырғандығын жеткізген болатын.
XS
SM
MD
LG