Accessibility links

Ирақ Өкіметтік кеңесі мүшелері осы елдің жаңа елбасын анықтау жөніндегі кездесуді ертеңге қалдырып отыр.


Себебі аталған сауал бойынша Өкіметтік Кеңес пен АҚШ-тың бастауындағы коалиция және БҰҰ арасында пікір айырмашылықтары туындап отыр. Жаңа елбасы маусымның 30-ында ел егемендігі ирақтықтарға тапсырылғаннан кейін қызметіне кірісуі тиіс. БҰҰ өкілі Лахдар Брахими мен АҚШ әкімшілігі басшысы Паул Бремер бұрынғы Ирақ Сыртқы істер министрі Аднан Пачачидің кандидатурасын жақтауда. Ал, Өкіметтік кеңестің көпшілік мүшелері Кеңестің қазіргі басшысы Ғази Машал Ажил әл-Йауердің елбасы болғанын қалайды.
XS
SM
MD
LG