Accessibility links

Түркиядағы мемлекеттік қауіпсіздік істері бойынша ерекше сот лаңкестікпен шұғылданды деп айыпталған 69 адамның ісін қараудан бас тартты.


Түркиядағы мемлекеттік қауіпсіздік істері бойынша ерекше сот лаңкестікпен шұғылданды деп айыпталған 69 адамның ісін қараудан бас тартты. Трибунал өкілінің түсіндіруінше, елде жуырда күшіне енген заңдық реформаның нәтижесінде әлгіндей істерді қарау ерекше соттың құзырынан шығарылған. Реформаға сәйкес, ерекше соттар таратылуға тиіс. 69 айыпталушы да өткен жылдың қараша айында Стамбулда болған лаңкестік қастандықтар бойынша сотқа тартылды.
XS
SM
MD
LG