Accessibility links

Ирақ Басқарушы Кеңесі Ирақ президентін таңдады


Ирақ Басқарушы Кеңесі бүгін Ирақ президентін таңдады. Ол Гази Ал-Явер. Бұған дейін президенттіктен АҚШ мен БҰҰ ның Ирақтағы өкілі ұсынған Аднан Пачачи бас тартқан болатын. Ал, Гази Ал-Яверді болса Ирақтың Басқарушы Кеңесі қолдап шықты. Пачачи де президенттікке белгіленген Ал-Явер де сунит мұсылмандары. Бағдадтан соңғы келіп түскен мәлімет бойынша БҰҰ ның Ирақтағы өкілі Лағдар Брахими Гази Ал-Явердің президент болып таңдалуын мақұлдаған. Президент болып таңдалып алынған Ал-Явери: "Біз ирақтықтар Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен толық егемендікке ие болуды көздейміз" деді.
XS
SM
MD
LG