Accessibility links

Елдің телекоммуникация жүйесі енді жариялылықпен басқарылады дейді осы сала басшылары .


Қазақстанның Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің басшылығы он бірінші рет өтіп отырған Орта Азиялық халықаралық КІТЕЛ атты телекомуникацилар мен компютерлік технологиялар көрмесінің ашылуында үкімет бекіткен бағдарламаға сәйкес ендігі кезде елдің телекомуникация саласын демонополизациялық бағытта жүргізіп, яғни жариялылық тұрғысынан басқарылатындығын білдірді. Шынайы бәсекелестік негізіндегі нарық айдынында алдағы уақытта бұл салада тек қана мықтылар қалады дейді олар.

Осымен он бірінші рет өз жұмысын бастаған Орталық Азиялық халықаралық КІТЕЛ телекоммуникациялар мен компьютерлік технологиялар көрмесінің басты жаңалығы ретінде Қазақстанның Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі басшылығы аталған сала жариялылықпен басқарылатындығын айтты.

Көптен бері осы сала қызметкерлерімен қатар қарапайым халықтың да көкейінде жүрген сауалға агенттік төрағасының орынбасары Асқар Жұмағалиев:

«Бүгін үкімет бекіткен бағдарлама бойынша, Қазақстандағы телекоммуникация саласына ашық бәсекелестік туғызу үшін, жариялылық тұрғысынан басшылыққа алынбақ»- деп жауап берді.

Ал, Ұлттық телекоммуникация қауымдастығының төрағасы Раділда Қасенов: «Бұл ретте демонополизация басты ұстаным емес, саланың қызметін жетілдіру негізгі міндет»- дейді.

Дегенменде, осы салада өз әріптес қолдаушыларын шет елдерден тауып, ісін жүргізіп жатқан «Скаймакс» фирмасының директоры Ерік Шортанбаев Қазақстанда бұл бағыттағы монополистер жаңадан бастайтын іскерлерге қолдау білдірсе деген тілегін білдірді.

Сондай-ақ, «Филипс» фирмасының орталық кеңсесі Голландиядан келген өкілі Фред Спролк осы саладағы Қазақстанның істері енді қарқын ала бастағанын айтады. Көрмеге үшінші рет қатысып отырған Түркиялық «Хес Фибел» фирмасының ТМД-дағы өкілі Халид Жаладов үлкен қызығушылық танытып, байланыстарының кеңейіп жатқанын білдірді.
XS
SM
MD
LG