Accessibility links

АҚШ пен Британия БҰҰ ның Қауіпсіздік Кеңесіне Ирақ бойынша қаулы жобасын ұсынды.


АҚШ мен Британия БҰҰ ның Қауіпсіздік Кеңесіне 30 маусымнан кейінгі Ирақ үкіметі туралы қаулы жобасын ұсынды. Бұл қаулы жобасы бойынша Ирақтың жаңа уақытша үкіметіне Ирақ әскерімен полициясына бақылау орнату құқы берілген. Бұл қаулы жобасы бойынша Ирақтағы одақтастар әскері Ирақта 2005 жылдың аяғына дейін болуға тиіс. Яғни, сайлау арқылы билікке келген Ирақтың заңды үкіметі жасақталғанша Ирақта болады. Қауіпсіздік Кеңесіндегі Британия елшісі Эмир Джонс Парри: "Біз бұ қаулыны толық дайын еттік деп білеміз. Енді оның тез қабылданып, біз қалайтын Ирақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге беттегені керек" деді ол.

БҰҰ ның Ирақтағы өкілі Лағдар Брахими енді Ирақ алдында тұрған шешуші қадам жалпыхалықтық сайлауға дайындық деді. Брахими Ирақ халқын жаңа тағайындалған Ирақ үкіметін қолдауға шақырды.
XS
SM
MD
LG