Accessibility links

Қазақстан электронды үкімет жүйесін Эстония тәжірибесіне сүйеніп жасайды.


Ресми мәліметтерге сай, Қазақстан мен Эстония террорға қарсы коалицияның қатысушылары болып табылады. Екі елде Ауғаныстан мен Ирактағы жанжалдан кейінігі жағдайды реттеуге қатысып отырған мемлекеттер. Өткен жылы Қазақстан мен Эстония арасындағы тауар айналым 13 млн. нан сәл жоғары болды. Қазақтан Эстонияға астық пен қара металдарды жөнелтеді. Ал Эстониядан Қазақстанға электр машиналары мен жабдықтар және халық тұтынатын тауарлар жеткізіледі. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, Қазақстан мен Эстония арасындағы тауар айналым көрсеткіштері әзірге үлкен емес.

- Қазақстан мен Эстония арасындағы тауар айналым көрсеткіштері әзірге кішкентай.

Қазақстан президенті Эстониямен элетронды үкімет жүйесі төңірегінде тәжирибе алмасуға да ниетін айтты. Оның сыртында, Нұрсұлтан Назарбаев Эстон порттары арқылы, Батыс Еуропа елдеріне тауар тасымалдауға деген қызығушылығын білдіртті. Эстония Еуропаның солтүстік-шығыс жағында орналасқан мемлекет. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәліметінше, Қазақстанға Эстонияның осы транзиттік мүмкіншіліктерін тиімді пайдалануға болады.

-Эстония порттары арқылы Еуроодақ елдеріне тауар жеткізуіміз мүмкін.

Эстония президенті Арнольд Рюйтель тұрғындарының саны 1 жарым млн,-ға әзер жететін мемлекеттің негізінен транзиттік мүмкіншіліктерге үміт артатынын аңғартып, Эстон порттарының Қазақстан тауарларын қабылдауға дайын екенін жеткізді. Эстония президенті Арнольд Рюйтель Қазақстанды қызықтырған электронды үкімет бойынша да толық ақпарат беруге тырысты. Біріншіден, бұл жүйе қоғамға үкіметтің парламенттің тіпті президент әкімшілігінің жұмысын бақылап араласуға мүмкіншілік береді деді ол. Екіншіден электронды үкімет бюрократтық кедергілерді жояды дейді Эстония президенті Арнольд Рюйтель.

Саясаттанушы Әзімбай Ғалидің ойынша, Эстонияға Қазақстаннан мамандарды жіберіп мемлекеттік тілді жүзеге асыру жұмыстарын үйренуге болады. Ал Қазақстандағы электронды үкіметтің Эстониямен салыстырғанда дұрыс және бұрыс жақтары бар.

-Электронды үкімет арқылы ақпарат, бланк алуға болады бірақ, қазақ шрифтерімен проблема бар.

Саясаттанушы Әміржан Қосановтың пікірінше, Қазақтанда электронды үкімет ұйымдастырмай тұрып, елді мекендердегі коммуникация мәселесін шешіп алу қажет.

-Қирап жатқан ауылдарда байланыс бар ма?

Саясаттанушы Жұмабай Доспановтың мәліметінше, қазақстандық электронды үкіметтің қоғамға пайдасын тигізу үшін, республика тұрғындарын компьютерлермен қамтамасыз ету керек.

-Қазақстан тұрғындарының тек 2 пайызында компьютер бар.

Эстониямен Қазақстан арасында талқыланған екінші мәселе экспорт-импорт операцияларына байланысты. Әсіресе, бұл орайда, Қазақстан мұнай тасымалдау сұрақтарын шешуге мүдделі. Саясаттанушы Әзімбай Ғалидің пікірінше, Ресей бұған дейін Эстонияға бірқатар экономикалық шаралар қолданып келген, бірақ, Эстония Еуроодаққа қосылғалы бұл көзқарас өзгерген дейді саясаттанушы. Сондықтан, дәл қазір, Қазақстан Эстонияның порттарын пайдалануына жағдай бар. Эстонияның терминалдары жеткілікті, өндірістік мәдениеті мен құқықтық жауапкершіліктері жоғары дейді саясаттанушы Әзімбай Ғали.

-Бір проблема Қазақстан мен Эстония арасында жатқан Ресей мен Беларусияның тарифтері қымбат.

Саясаттанушы Әміржан Қосановтың ойынша, шалғай шет елдерге тауар тасымалдау барысында көршілес елдердің мүдделерін ұмытпай, барлығына тиімді жолдарды іздеген абзал.

-Грузиядағы жағдайлар көршіңмен тату болмасаң, шалғай мемлекетпен байланысың қиындайтынын көрсетті.

Саясаттанушы Жұмабай Доспановтың пікірінше, Эстониямен транзиттік сұрақтарды шешуде қиыншылықтар болмайды.

-Оларда адам құқықтары бұзылмайды, жемқорлық деген жоқтың қасы.

Сапар ауқымында Қазақстан және Эстоняның іскер адамдарының қатысуымен бизнес – форум өткізу жоспарланған. Әзірге, Қазақстанда Эстониямен Қазақстанның біріккен 8 кәсіпорыны тіркелген.
XS
SM
MD
LG