Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті Қазақстанның Коммунистік халық партиясын мемлекеттік тіркеуден бас тартты. Тіркеу қызметі комитеті маусымның 1-і күні осындай бұйырық шығарған.
Себеп партия құжаттарының Азаматтық кодекс баптарына сәйкес еместілігінен шыққан. Жаңа коммунистік халық партияны құрғалы жүрген Мәжіліс депутаты Владислав Косарев, Мәжілістің жалпы отырысында Әділет министріне сауал жолдап өзінің мұнымен келіспейтінін мәлімдеді.
Жалпы отырыста Әділет министрі Оңалсын Жұмабеков, депутаты Ерасыл Әбілқасымовтың Серікболсын Әбділдин жетекшілік ететін Коммунистік партия қызметіне байланысты сауалына жауап берді.
«Тіркеу қызметі комитеті партия құжаттары Азаматтық кодекстің баптарына сәйкес келмейді деген уәж келтіреді. Біз «Саяси партиялар туралы» заңға сүйенген едік. Бұл заңда Азаматтық кодекстің, қоғамдық бірлестіктер туралы заң нормалары қамтылған. Құжаттарымызды қайтарып беріп отыр.
Әділет министрлігінің түзетулерін партия жарғысына енгізу үшін амал жоқ қайталап съезд шақыруымыз керек Партияны коммунистік халық партиясы деп атағанбыз, оны Қазақстанның коммунистік халық партиясы қоғамдық бірлестігі деп атауымыз керек екен» дейді Мәжіліс депутаты Владислав Косарев.
Косаревтің пікірінше, бұл сайлауға дейін жаңа партияны тіркеу уақытын созудың амалы. Бұл саяси тапсырыс. Билік органдарының тапсырысы. Оның кімге тиімді екенін білемін дейді.
Ал, Әділет министрі Оңалсын Жұмабековтың айтуынша, тіркеуден бас тартылған жаңа коммунистік халық партияның құжаттары қолданыстағы заңдарға сәйкес емес.
Сөз болып отырған Қазақстанның коммунистік халық партиясын құрушылар құрылтай съездерін көкектің 24-інде өткізген еді.
Мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов, партия құжаттарының тіркеуден өтпеуін заңға қайшы деп есептейді.
Мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов, мамырдың 12-інде Әділет министрінің атына жолдаған сауалында Серікболсын Әбділдин жетекшілік ететін Қазақстанның Коммунистік партиясы мүшесінің 50 мыңнан аз екенін және кейбір облыс қалаларда партия бөлімшелерінің жоқтығын айтып, партия қызметі неге тоқтатылмай отыр деген сұрақтар қойған болатын.
Әділет Министрі Оңалсын Жұмабековтың айтуына қарағанда коммунистік партия бірқатар аймақтар бойынша тізімдерді тапсырған, бірақ әлі толық бермеген.
Ал, Серікболсын Әбділдин болса, партия тарапынан ешқандай заңсыздықтың болмағанын, аталған мәселені талқылаудың өзін жөн көрмейтінін айтады.
Қазақстанның коммунистік халық партиясын құрушылар қайтадан съезд шақырып, алған беттерінен қайтпайтындарын мәлімдеп отыр.
Владислав Косарев болса, Аграрлық партияның парламенттік фракциясына кіруге шешім қабылдады. Ол өзінің бұл шешімін Агарарлық партия ұстанымдарымен жақын екенін айтады.