Accessibility links

Ирақтың жаңа үкіметінің жасақталып болуы – БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінде маусым айының соңында Ирақтағы билікті жаңа үкіметтің құзырына беруді заңдастыру мәселесін талқылауды қыздыра түсті.


Ирақтың жаңа үкіметінің жасақталып болуы – БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінде маусым айының соңында Ирақтағы билікті жаңа үкіметтің құзырына беруді заңдастыру мәселесін талқылауды қыздыра түсті. Америка Құрама Штаттары мен Ұлы Британия Қауіпсіздік кеңесі Қарарының билікті жаңа үкімет құзырына берудің толық әрі заңды болуын қарастыратын жаңа жобасын таратты. Алайда, Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері жобада қарастырылған қауіпсіздік шаралары туралы баптар Ирақтың жаңа үкіметі мүшелерімен кеңескеннен кейін ғана шешілуге тиіс деп санайды.

Күні кеше ғана жасақталған жаңа Ирақ үкіметінің мүшелері БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің елдің тәуелсіздігін қалпына келтіру мәселесі талданатын мәжілісіне алғаш рет қатыспақшы. Сыртқы істер министрі Хашияр Зибари бастаған делегация Ирақтағы саяси билікті жаңа үкіметтің құзырына беру мәселесі бойынша БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесімен келіссөз жүргізу үшін сәрсенбі күні Нью-Йорккке барады. Сейсенбі күні АҚШ пен Ұлы Британия БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Қарарының қайта қаралған жобасын ұсынды. Онда Ирақтағы билікті 30 маусымда жаңа үкіметтің құзырына толық берудің іс-шаралары көрініс тапқан.

Қарардың қайта қаралған жобасында Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерге тоқтау немесе вето қоя алатын Ресей, Қытай, Франция сынды тұрақты мүшелерінің Ирақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету Ирақ үкіметінің өз құзырыны берілсін деген пікірлері ескерілген тәрізді. Мысалға, жобада шекара күзеті мен Ирақ полициясы жаңа үкіметтегі ішкі істер министрлігінің құзырына беру қарастырылған. Сондай-ақ, жобада көрсетілгендей, АҚШ бастаған коалициялық күштердің мандаты, Ирақтың жаңа конституциясына сәйкес, демократиялық сайлау өткізуге жеткізетін саяси процестің аяқталуымен күшін жояды. Ол саяси процесс 2005 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде.

БҰҰ-ының қауіпсіздік Кеңесі Қарарының жаңа жобасында көрсетілгендей, Ирақтағы коалициялық күштердің мандаты 2005 жылғы қаңтар айының соңында жалпыға бірдей сайлаудың нәтижесінде жасақталған үкіметтің билікке келуімен күшін жояды. Бұрынғы жобада сәл өзгешелеу – коалициялық күштердің мандаты 1 жылдық кезеңнен кейін қайта қаралуы мүмкін делінген болатын. Сейсенбі күні британ премьер-министрі Тони Блэр: мақсат – Ирақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жауапкершілігін Ирақ үкіметінің құзырына беру, -деп атап көрсетті. Оның пікірінше, Қарардың жаңа жобасы бойынша, билік Ирақ халқының қолына беріледі.

Т.БЛЭР: “Ең маңыздысы: біз БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің Ирақтағы билік Ирақ үкіметінің құзырына беріленитінін растайтын Қарарын аламыз және ол Ирақтың толық егенмендік алғанын аныққа шығарады. 30 маусымнан кейін коалициялық күштер жаңа үкіметтің келісімімен ғана Ирақта қалады”. Қарардың жаңа жобасында коалициялық күштердің құзырында Ирақтағы қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге жеткілікті билік болады деген бап сақталған. БҰҰ-ының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде АҚШ өкілінің журналистерге хабарлағанындай, ондай бап Ирақтағы коалициялық күштердің өзін өзі қорғау үшін қажет. АҚШ дипломатының айтуынша, Ирақ үкіметі мен коалициялық күштердің қауіпсіздік шаралы өзара ресми хат алмасу арқылы үйлестіріледі. Алжирдің БҰҰ-ындағы өкілі әрі оның Қауіпсіздік Кеңесіндегі жападан-жалғыз араб өкілі Абдулла Баали Қарардың қайта қаралған жобасын құптады.

Алайда ол сейсенбі күні кешкісін журналистерге: “Ирақ үкіметі мен коалициялық күштердің қауіпсіздік шараларын қалай ұштастыратынын Қарардың жобасында анық көрсету керек еді”, -деген ойын айтты.

БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннан жаңа үкіметтің жасақталып болуын аса маңызды қадам, бірақ ол үрдіс “кіршіксіз” болған жоқ деп атап көрсетті. Бірақ, сонымен бірге, Кофи Аннан жаңа үкіметті жасақтау кезінде БҰҰ-ына Ирақтың АҚШ тағайындаған Басқару кеңесі жөн көрсетсін деген ұсынысты қолдамады. Оның мәлімдеуінше, БҰҰ-ының Ирақтағы арнаулы өкілі Лаһдар Брахими - осы елдегі саяси үрдістерге БҰҰ-ымын көмек беруге шақырған кездегі БҰҰ-ының алдына қойылған міндеті атқарды. К.АННАН: “Менің ойлауымша, Лаһдар Брахими Ирақта БҰҰ-ының алдында тұрған міндетін дәл атқарды”. Сәрсенбі күні Бағдадта өткізген баспасөз-маслихатында Л.Брахими Ирақ халқын келесі жылғы сайлауға дейін Ирақтың жаңа үкіметіне елді басқаруға мүмкіндік беруге үндеді. Оның пікірінше, жаңа үкіметтің ең басты міндеті – елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету. БҰҰ-ы өкілінің өзі шілде айының ортасында өтетін ауқымды кеңесті ұйымдастыратын комитеттің жұмысына атсалысу үшін Бағдадта қалуды жоспарлап отыр. Ол кеңеске Ирақ халқының барлық өкілдерін тартып, елдің болашағын талқылау үшін шілде айында диалог ұйымдастырылмақ. Ол жиында уақытша үкіметтің іс-қимылын қадағалайтын, құрамында 100 мүшесі бар Ұлттық Кеңес сайланады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG