Accessibility links

ОПЕК елдерінің бүгінгі кездесуі алдында мұнай бағасы сәл де болса төмен түсті.


Сәрсенбі күні Нью-Йоркта биржа жабылар алдында жеңіл шикі мұнайдың бір баррелі 40 доллардан асып жығылды. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш рекордты 42 дол. 33 центке көтеріліп кеткен болатын. Бүгінгі Бейруттағы кездесулерінде мұнайды сыртқа шығарушы елдердің өкілдері өнім көлемін күніне 2,5 миллион баррелден 2, 6 миллион баррелге жеткізуге келісуге тиіс. Мұнай бағасы жақындағы Сауд Арабиясындағы мұнай орынддарына жасалған терролық шабуылдардан кейін шарықтап кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG