Accessibility links

Бүгін Нью-Йоркте Ирақтың сыртқы істер министрі Хошияр Зебари БҰҰ-ң Қауіпсіздік кеңесімен кездесіп, Ирақтың саяси болашағына байланысты қарар жобасын талқылайды


Франция, Испания, Германия және Қытай мен Ресей кеше БҰҰ-ң Қауіпсіздік кеңесіне ұсынылған Ирақтың болашағы жөніндегі қарар жобасының негізі дұрыс болғанымен, ол әлі де жетілдіре түсуді қажет етеді деп айтқан. Франция Ирақ үкіметінің толықтай егемендігін, әсіресе әскери істерде егеменді болғанын қалайды. Испания мен Қытай болса Ирақтан шетелдік әскерлердің нақты кететін күні анық болғанын талап етеді. Германия мен Ресей өзгерістердің қажет екендігімен келіседі. Кеше көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Ирақтың уақытша үкіметінің тағайындалуын құптап қарсы алған. БҰҰ-ң өкілі Лахдар Брахими Ирақ тұрғындарының үкіметті қабылдап, ұлттық сайлауларға дайындалу керектігіне көздерін жеткізген. Кешегі күні Бағдадта жолда жарылған бомбадан кемінде бес адам опат болды, ал коалиция күштері мен шиит мұсылмандары милициясы арасындағы қақтығыста тоғыз адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG