Accessibility links

АҚШ-ң Орталық барлау басқармасының директоры Джордж Тенет қызметінен кететін болды.


Оның қызметінен кеткені жөнінде хабарламаны АҚШ преизденті Дж.Буш жасаған. Президент өз сөзінде Тенетті ол мықты және батыл шешім қабылдайтын басшы бола білді деп мақтады. -Ол менен жеке басының проблемасына қатысты қызметінен босатуды сұрады. Мен оның кететініне өкініш білдірдім. Ол Америка халқының атынан көп жұмыстар атқарды. Мен оның өтінішін қабыл алдым,-деді президент Буш Кейіннен Орталық барлау басқармасының қызметркерлерімен әңгімелескенде Тенет жеті жыл атқарған қызметінен кету жөніндегі шешімі отбасылық себептерге қатысты екендігін айтқан. Тенеттің орынбасары болған Джон Маклоулин Буш жаңа кандидатураны тапқанға дейін Орталық барлау басқармасы директорының міндетін уақытша атқаратын болады.
XS
SM
MD
LG