Accessibility links

Алматы қалалық су құбыры кәсіпорны пайдасына шешілген сот үкіміне Жұмысшылар мен жұмыссыздар одағы наразылық білдіріп отыр


Алматы қалалық су құбыры- канализациялық шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен «Алматы қаласының жұмысшылар мен жұмыссыздар одағы» қоғамдық бірлестігі арасындағы дауға орай шығарған Әуезов аудандық сотының шешімін Алматы қаласының жұмысшылар мен жұмыссыздар одағы мүшелері біржақты деп, оған өз наразылықтарын білдіріп отыр.

Бұған дейін құқықтары бұзылған аталған кәсіпорын жұмысшыларының барлық еңбек ақыларын алуларына заң жолымен көмектескен Алматы қалалық жұмысшылар мен жұмыссыздар одағын енді мекемемізді негізсіз қаралады деп сотқа берген кәсіпорын басшылығы жеңіп шыққан.

Бар мәселе осыдан шығып отыр дейді аталған кәсіпорын жұмысшыларының құқын қорғаған жоғарыдағы одақ белсенділері. Олар кәсіпорын директоры В. Зуевқа да кіргенімен мәселе шешілмегендіктен президенттен бастап, қала әкімі және саяси партияларға дейін хат жолдайды. Сондай – ақ, ақпарат құралдары да бұл мәселеге көңіл бөлмей қалмайды.

Сондағы айыптаулардың көпшілігі негізсіз деп тапқан кәсіпорын директоры В.Зуев одақ белсенділерінің бірі Р. Әмірбекованы «мекемеміздің имиджіне нұқсан келтірді» деп, моралдық шығынын өндіріп алу мақсатында сотқа береді.

Сөйтіп, Алматы қалалық Әуезов аудандық соты айыпты толықтай болмаса да заңды деп тауып, Р. Әмірбекова кәсіпорынға 15 мың теңге төлеу қажет деген шешім шығарған.

Алайда, одақ белсенділері бұл үкіммен келіспей жоғарғы жақтарға шағымданатындықтарын білдірді.

Ал, кәсіпорын заңгері Л. Таева соттың бұл шешімінің тым жұмсақ екенін айтып, мұны одан әрі қозғайтындықтарын айтты.
XS
SM
MD
LG