Accessibility links

Ирақтың жаңа уақытша премьер-министрі Ияд Аллауи кеше Ирақ халқын терроризмге қарсы бірігуге және елде шетелдік әскерлердің әлі де қалуын қолдауға шақырған.


Ол өзінің теледидар арқылы сөйлеген алғашқы сөзінде Ирақ 30 маусымда өзінің егемендігіне қол жеткізгеннен кейін де АҚШ бастаған коалиция күштері елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесетін болады деп атап көрсеткен.

-АҚШ бастаған көпұлтты күштердің бұл арадан кетуін жоспарлау – Ирақтың қауіпсіздігін қалыптастырып, әскери мекемелерін құрып жатқанда мұнда қайтадан күрделі жағдайдың орнауына жол берген болар еді,-деген ол.

Ирақ шиит мұсылмандарының жетекшісі Мұхтада ас-Садр жаңа үкімет заңсыз құрылды деп оны мойындамайтындығын мәлімдеген. Кешегі күні Бағдадта болған қақтығыстарда 5 америка солдаты опат болған. Американдық әскерилер террористерге жасырын жетекшілік етуші деп күдіктелетін Абу Музаб әл-Зарқауидің жақын көмекшісі Омар Базиянидің тұтқындалғанын хабарлаған.

Кеше БҰҰ-ң адам хұқтары АҚШ бастаған коалиция Саддам Хусейін режимінің адам хұқтарын аяққа таптаған кезеңін жоқ қылды, бірақ өздері де адам хұқтары талаптарының бұзылуына жол беруде деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG