Accessibility links

Бүгін АҚШ президенті Дж.Буш Италиядағы сапарын Ирақ соғысында одақтасы болған Италия премьері Сильвио Берлусконимен кездесумен аяқтап, Францияға бет алады.


Жұма күні Рим көшелеріне АҚШ президенті Дж.Буштың сапарына наразылық танытып шеруге шыққан мыңдаған демонстранттар полициямен қақтығысты. Бушты Ватиканда Рим папасы қабылдады. Президент кездесуге 15 минут кешігіп келген.

Иоанн Павел Ирақта жақында орын алған келеңсіз жайттар әлемнің діни ар-ожданына кір келтірді деп атап көрсетті. Рим Папасының бұл мәлімдеуінде Абу-Ғрайб түрмесінде Ирақ тұтқындарына америка солдаттары тарапынан жасалған қорлық пен азап туралы болатын. Рим Папасы сондай-ақ Ирақта БҰҰ-ы маңызды роль атқаруы керек деген.

АҚШ президнеті Дж.Буш Рим Папасына ең жоғары азаматтық марапаттау - Азаттық медалін табыс етті.

-Рим Папасы қасиетті Иоанн Павел екінші әлсіздерді, аш-жалаңаштарды, азап көргендерді қорғады, ол әрбір тіршілік иесінің адами қасиетін, жалпы адамзат баласының өмірін жетілдіруді қорғап келеді,-деп Буш Рим Папасының ықпалын жоғары бағалаған.

АҚШ президенті Италияға Римнің Екінші Дүниежүзілік соғыста одақтастар әскерлерінің күшімен нацистерден азат етілуінің 60 жылдығына орай келген.
XS
SM
MD
LG