Accessibility links

АҚШтың Калифорниядағы соты, өткен аптада Украинаның бұрыңғы министрі Павло Лазаренконың үстінен жүргізген тергеулер нәтижесінде, оған 29 айып тақты.


Олардың арасында заңсыз жолмен ақша жымқыру және ұрланған мүліктерді қылмыстық жолмен алып кету де бар. Өткен аптада, АҚШ соты Украинаның бұрыңғы бас министрі Павло Лазаренконы көпке жалғасқан тергеу нәтижесінде айыпты деп тапты. Алдымен, бірден айта кетер жағдай, Украинаның бұрыңғы үкімет басы Павло Лазаренко 1996-97 жылдары бір жыл шамасындағы қызметі кезінде билігінен, лаузымынан пайдаланып мулти-миллионер, дәулетті де аса бай адамға айналып шыға келгендігі әлемге әйгілі. Ал, Мәскеулік бақылаудан кетіп, өз бетінше егеменмін деген бір қатар елдерге бұл аурудың бірден жұққандығы да жұртқа аян. Оған Түркменбашының тірліктері қосымша дәлел десе де болар.

Сонымен, АҚШ соты сүттен ақ, судан тазамын, мені қудалап жатыр, деп АҚШтан баспана сұраған П. Лазаренконың өзіне жылы орын бере отырып, айтқаның дұрыс шығар, бірақ сенсек те сынап бағайық деген тәсілмен бұрыңғы үкімет басын АҚШ соңғы 4-5 жылдай барынша тексерді, тергеді.

Оның нәтижесі, Лазаренко үшін шатақ, өте көңілсіз болып шықты. Калифорния соты Павло Лазаренкоға бірден 29 айып таңды. Оның ішінде, ақша жуу, заңсыз жолдармен қаржы жымқыру, үкіметтік мүліктерді ұрлап әкету сияқты кіналар бар.

Әзірше соттың соңғы үкімі жарияланған жоқ. Бірақ шынымен –ақ айыпты деп табылса онда ол 20 жылға бас бостандығынан айрылуы әбден мүмкін. Дегенмен Лазаренко қазірдің өзінде ол мерзімнің дерлік 5 жылын абақтыда өткізіп, өтеп қойды.

Жұрт шет елдік ресми адамды неге АҚШ соттайды деген сауал да қоя бастады. Мұндай алаңдаушылықтың да себебі тағы бар. Тіптен, бас министрді айтпағанда, қатардағы депутаттың өзінің де тәуелсіз деген тиісті құқы бар мес пе. Жалпы АҚШ тарихында да бұл өте сирек құбылыс. Ата жау есептелген Саддам Хұсейннің өзі Ирақ сотын күтіп отырған жоқ па ! Бірақ бұрыңғы советтік аймақтағы заңсыздық, қылмыс, коррупция, шектен тыс парақорлық сол тәуелсіз елдердің ішкі шеңберінен сыртқа шығып, халықаралық шатаққа шырмала бастады емес пе. 51дегі Лазаренко әуелі Украинадан қашып шығып, аяғы АҚШ топырағына тигеннен кейін ғана саяси баспана сұраған. Ал бұл арада, Швейцария соты оның сыртынан ақшаны заңсыз жымқырған деп айыптап қойған болатын. Украинада тіптен оған кісі өліміне қатысқан деген кіна таққан.

Оған тағылған айыптың ауыр екендігі 5 жылға созылған тергеуден де байқалады. Дегенмен, АҚШ сотының жауапкершіліктің бүкіл ауыр салмағын өзіне алып отыруында қандай негізгі себеп бар ?

Бұл мәселеге орай американдық заңгер журналист Мэри Муцио былай дейді.

- Лазаренко ақыр соңында келіп Америка заңдарын да бұзып отыр. Ол АҚШ заңымен айтқанда, ақша жуу, ақша жымқыру. Ол АҚШтық банктерге өткізген ақша қылмыстық жолмен келген - дейді заңгер.

Миционың айтуынша, бүкіл әлемдегі заңсыз ақшаның төркіні - ақша жуу, қару ұрлап сату, есірткі және жезөкшелік бизнесі.

- Ал Лазаренко ол мол ақшаны негізінен заңсыз, зорлық жолымен, парақорлықпен жинап америка банктері арқылы өткізген, дейді Мэри Мицио.

Сондай-ақ , коррупция мәселесімен жақыннан айналысатын зерттеуші Роман Купчинскийдің айтуынша, Лазаренконың бұл қылмыстық ісі сыбайлас жемқорылқорлыққа белшесінен батқан бұрыңғы советтік саясаткер ресми басшылықтың көбіне тән үрдіс. Оның айтуынша, сот Лазаренкоға қойылған айыпты айғақтар негізінде дәлелдей алған.

Күәлардың бірі украиналық бизнесмен Петро Кириченконың сотта айтуынша Лазаренко одан бір неше млндаған доллар ақша талап етіп, ол басқарған компанияның жарты иелігін алып өз фирмасын дамытуға пайдаланған. Жалпы шет ел, дәлірегі АҚШ сотында, өзге тәуелсіз елдің мұндай жоғары деңгейдегі ресми басшысын қылмыстық іске тарту жағдайы бұрын соңды болған ба ?

Осы кезге дейін бірақ рет, 12 жыл бұрын, 1992-жылы АҚШ соты Панама елі жетекшісі Маниел Нориеганы соттаған. Бірақ оған дейін АҚШ 1989-жылы Панаманы басып алған болатын. Сол Нориега есірткі саудасымен айыпталып, 30 жылға бас бостандығынан айрылып, қазіргі кезге дейін абақтыда отыр.

Бірақ, заңгер Миционың айтуынша, АҚШ ешқашан ресми қызмет басындағы өзге ел жетекшісін соттай алмас. Панама жетекшісінің өзі ол кезде заңсыз сайланған көрінеді.

Ал енді , тағы бір айыбы - кезінде заңсыз визамен АҚШқа кірген Украинаның бұрыңғы бас министрінің үстінен сот үкімі алдағы апталарда шығатын көрінеді.
XS
SM
MD
LG