Accessibility links

Израиль үкіметінің 2 мүшесі үкіметтің Газа аймағынан армияны шығару және еврей қоныстарын көшіру жоспарын мақұлдауына наразылық ретінде қызметтен кетті.


Израиль үкіметінің 2 мүшесі - тұрғын үй құрылысы бойынша министрі Эффи Эйтам мен оның орынбасары үкіметтің Газа аймағынан армияны шығару және еврей қоныстарын көшіру жоспарын мақұлдауына наразылық ретінде қызметтен кетті. Бұл әрекет премьер-министр Ариэль Шаронның үкімет басындағы онсыз да шайқалып тұрған жағдайын қиындата түсуі ықтимал. Ал осы кезде Ливан БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінде Израильдің Бейрутқа әуеден соққы беруіне арызданды.
XS
SM
MD
LG