Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесі өздерінің 14 мамыр мен 7 маусым аралығындағы ҚР жергілікті маслихаттардың сайлау комиссияларын жасақтауды бақылау барысында оның демократиялық жолмен жүргізілмегендігі қоғамның сайлау процесіне деген сенімін азайтып, сайлаудың әділ өтуіне сенімсіздік тудырады деп есептейтіндіктерін білдіріп отыр.
Алайда бұл ұстаныммен осы комиссияларды жасақтауда өз үміткерлері алдыңғы орында келе жатқан партия өкілдері мен маслихат депутаттары келіспейтіндіктерін айтуда.
Орын алған басты заңсыздықтар ретінде аталған ұйым кейбір облыстарда маслихаттардың сессиясына бақылаушылардың жіберілмеуін айтып отыр.
Мұндай өрескел қателіктердің біршамасы елдегі оппозициялық партияларды комиссия құрамына мүлдем өткізбей қойған тұста қатты білінді дейді осы қауымдастық төрағасы Дос Көшім.
Дегенменде тәуелсіз бақылаушы Мария Таева Алматы қаласы бойынша «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясы 20-25 дауыс, «Ақжол» партиясы 14-15 дауыс жинағанын айтады.
Ал Алматы қалалық маслихатының депутаты Аблайхан Саматдин оңтүстік астана бойынша оппозициялық партиялардың мүшелері комиссия құрамына көптеп кіргенін айтады.
Коммунистік партияның хатшысы Төлен Тоқтасынов партияларынан комиссия құрамына өте аз адамдардың өтіп жатқанын биліктің қысымымен байланыстырады.
Енді осы алдыңғы орында келе жатқан «Отан» партиясының жеңісін партия төрағасының кеңесшісі Болатхан Тайжан өз партия мүшелерінің жергілікті маслихаттарда депутаттары көптігінен деп түсіндіреді.
Сөйтіп, тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесі өздерінің ҚР жергілікті маслихаттардың сайлау комиссияларын жасақтауды бақылау барысын одан әрі жалғастырып, бұл процесті демократиялық жолмен жүргізудің жолдарына қатысты ұсыныстарын парламентке жолдайтындықтарын жеткізді.
Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесі сайлау комиссияларын жасақтауда заңсыздықтарға жол берілуде дейді
- Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Париж жаңғырығы
Паралимпиада жүлдегерлері қоғам назарынан тыс қалды ма?
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
Көкейкесті мәселе
АЭС референдумы: халықтың экологиялық құқығы сақталып жатыр ма?
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?