Accessibility links

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бангкок Губернаторы Самак Сундураведж, Мәскеу қаласының мэрі Юрий Лужков және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничиймен кездесті.


Маусымның 9 күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бангкок Губернаторы Самак Сундураведж, Мәскеу қаласының мэрі ЮрийЛужков және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничиймен кездесті.

Кездесуден кейін өткізілген брифингте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуге шақыртуды құп алған Бангкок губернаторы Самак Сундураведж өз елінің бизнесмендерін де ала келгендігін айтты. «Олар мұнай саласында, мелонин өндірісінде жұмыс істейтіндер, кейбіреуі құс шаруашылығымен айналысатындар»,- дейді губернатор. «Тайланндта тұратын әрбір адам саяхатқа шыққанды ұнатады. Бізге Еуропаға жету үшін 10 сағаттан артық ұшу керек болса, Қазақстанға 7-8 сағаттың көлемінде жетуге болады екен. Осы арада туризм саласында да екі жақты байланыс орнатуға болатындығын айта кеткім келеді», - деді Сундураведж мырза. Бангкокте жүргенде Астанаға жету қиынға соғатындай көрініп еді, мен ойлағандай болмай шықты. Күннен-күнге құрылысы қарқынды дамып келе жатқан Астананы әрбір Қазақстандықтың мақтаныш тұтатынына еш шүбәм жоқ»,деді Самак Сундураведж.

Мәскеу қаласының мэрі Юрий Лужковтың айтуынша, Мәскеу мен Қазақстанның арасындағы екі жақты тауар айналымы өткен жылдың қорытындысы бойынша 40 пайызға ұлғайған. Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу барысында екі жақты байланыстарды ғылым, жоғары технология, биотехнология және машина жасау салаларында дамыту қажеттігіне назар аударылған. Сонымен қоса, талқыланған тағы бір мәселе – Мәскеудің былтырғы жылғы өтініші төңірегінде өрбіген. Биылғы жылы да 340 мың тонна көлемінде астық пен 10 мың тоннаға жуық ет өнімдерін алу қарастырылып отырған көрінеді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничиймен кездесуі барысында аталған университеттің Астанадағы филиалын ұлғайту жөнінде ұсыныс жасалған. «Президент бұл ойымды құптағандай болды», - дейді университет ректоры. Оның айтуынша, қазіргі 4 факультетке алда тағы бір факультет қосылады.
XS
SM
MD
LG