Accessibility links

Ирақтың уақытша премьер-министрі Ияд Аллауи БҰҰ-ы Қауіпсіздік Кеңесінің Ирақтағы билікті өтпелі үкіметтің құзырына беруді мақұлдайтын Қарарына ыстық ықыласын білдірді.


Ирақтың уақытша премьер-министрі Ияд Аллауи БҰҰ-ы Қауіпсіздік Кеңесінің Ирақтағы билікті өтпелі үкіметтің құзырына беруді мақұлдайтын Қарарына ыстық ықыласын білдірді. Ол: “Біз шешімді қуанышпен қабылдаймыз, бұл Ирақ халқы мен Ирақтың достарының күш-жігерінің нәтижесі”, -деп мәлімдеді. И.Аллауидің пікірінше, билік уақытша үкіметтің құзырына берілгеннен кейін де Ирақ коалициялық күштердің көмегіне мұқтаж болады. “Үлкен сегіздіктің” Джорджиа штатында басталған кезекті жылдық бас қосуында АҚШ президенті Дж.Буш кеше НАТО-ның Ирақта жетекші рөл атқарғанын көргісі келетінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG