Accessibility links

Ислам ұрыншақтары Сауд Аравиясының патша отбасын құлатуы мүмкін бе?


Сауд Аравиясында жиілеп кеткен қарулы топтар шабуылына қарап кейбір талдаушылар бұл жағдаятты 1979 жылғы Иран төңкерісі қарсаңындағы жағдаятпен салыстыра бастады. Соныңмен бүгінгі Сауд Аравиясындағы жағдай соншалықты шиеленсікен бе? Ал, Сауд Аравиясы болса АҚШ ның 60 жылдан бергі одақтасы екені аян.

АҚШ дағы 11 қыркуек оқиғасынан кейін кейбір талдаушылар Сауд Аравиясын АҚШ на басты қатер төндіруші ел қатарында көре бастады. Оған себеп Америкаға ұшақпен шабуылдаған террористердің дені осы Сауд Аравиясының азаматтары еді. Алайда, Ақ Үй әкімшілігі Сауд Аравиясын ешақашан өзіне қатер төндіретін елдер қатарына қосқан емес. Ондай көзқарасты қабылдамады. Сауд Аравиясы АҚШ на 60 жылдан бері одақтас ел. Дегенмен, уақыт өте келе дүние өзгеруі мүмкін. Сауд Аравиясында АҚШ ның елшісі болған кәзір Сыртқы Байланыстар Кеңесінің мүшесі Ричард Марфи бұ құбылысты өзінше бағалайды. Ол Сауд Аравиясы өзгерістер алдында тұр дегенді мегзейді.

"Сауд Аравиясы шапшаң түсіп кетуі мүмкін бірнеше бағыт бар" деп біледі елші. Ол қандай бағыттар болуы мүмкін? Соңғы жылдары Сауд Аравиясында қарулы топтар жиі-жиі бас көтере бастады. Олар біресе батыс нысаналарын соқса, біресе үкімет нысаналарын соғуды жиілетті. Талдаушылар болса ол қарулы топтардың негізгі мақсаты әлемдегі мұнайға бай бұл елдің мұнай көздеріне бақылау орнату деп біледі. Мысалы, өткен аптада қарулы топтар бұл елдің Хобар қаласында 22 шетелдік мұнайшыны жайратып салды. Бұл оқиға шетелдік мұнайшылар арасында үрей тудырды. Бұл шабуылшылардың дені Ал –Каида ұйымының мүшелері делініп отыр.

Өткен жылы болса олар бір шабуылда 26 шетелдікті қырып салған болатын. Ең соңғы шабуыл сейсенбі күні ел астанасы Рияд қаласында орын алды. Бір Америка азаматын біреу атып кетті. Ақ Үйдің кезінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі жауапты маманы болған Ричард Кларк болса осы аптада Сауд Аравиясында Иран сценарийі қайталануы мүмкін деген пікір айтты. Яғни, қарулы ұрыншақтар шеп құрай келе күшейіп патша отбасын биліктен жұлып алып тастауы мүмкін деген ой айтты.

ЦРУ, яғни АҚШ ның Орталық Барлау Агенттігі дайындаған баяндамада көрсетілгендей Сауд Аравиясы 2020 жылға жетпей қарулы ұрыншақтар көтерілісіне төтеп бере алмай құлауы мүмкін. Ол ұрыншақтар кім? Ол Ал – Каида болып отыр. Сауд Аравиясында жуырда 1500 кісімен жүргізілген саулнама нәтижесі көрсеткендей бұл елде халықтың тең жартысы Осама Бин Ладенге бүйрегі бұратыны байқалды. Осындай жағдайда патша отбасы діни ұрыншақтар мен либерал реформашылдар арасында тепе-теңдік сақтауға тырысады. Сауд Аравиясында елші болған Ричард Марфи пікіріне тағы да жүгінелік:

"Егер сіз реформаны тездетсеңіз діни кертартпалар мен бұқара халықты жақындата түсесіз, егер сіз реформаны кешеуілдетер болсаңыз онда сіз либерал реформашылдарды ренжітесіз,"- дейді Марфи.

Талдаушылар әзірше Сауд Аравиясының бай мұнайы АҚШ на қажет. Ал, АҚШ ның қуатты әскери қабілеті Сауд патша отбасына қажет дейді.
XS
SM
MD
LG