АҚШ президенті Дж.Буш НАТО Ираққа көп әскерін бағыттайды деп күтпейді. Кеше Джорджия штатында өткізген баспасөз-маслихатында Дж.Буш Ирақтың қауіпсіздік күштерін оқытуға НАТО-ның атсалысқаны жақсы болар еді деп атап көрсетті: “НАТО Ираққа көп күш жолдайды деп мен үміттенбеймін. Ондайды ешкім ұсынбайды да, біздің ұсынысымыз – Ирақтың қауіпсіздік күштерін дайындауды НАТО өз міндетіне алса екен. 30 маусымнан кейін елдегі билікті өз құзырына алған соң Ирақ үкіметі қауіпсіздікке жауапты болады”, деп мәлімдеді АҚШ президенті.