Accessibility links

АҚШ президенті егер Ирақ үкіметі сұраса НАТО Ирақ жасақтарын жаттықтыруға жәрдем беруге тиіс деді.


АҚШ президенті Джордж Буш НАТО ға мүше елдер Ираққа бұрынғыдан артық жасақ береді деп күтпейтінін мәлімдеді. Бұ жәйлі Буш АҚШ ның Джорджия штатында аяқталған үлкен сегіздік саммитінде кеше мәлімдеді.

"НАТО бұдан артық жасақ береді деп күтпеймін. Бұл шындықтан алыс. Бұны ешкім ұсынып отырған жоқ. Біздің ұсынып отырғанымыз НАТО мүмкін Ирақ жасақтарын жаттықтырар деген ой" деді Буш. Саммитте Франция президенті Жақ Ширақ НАТО ның Ирақ мәселесіне араласуына қарсы шықты. Үлкен сегіздік тобында Британия, Италия, Франция, Жапония, Канада, Германия, Ресей және АҚШ бар. Бұл ел басшылары бүгін Вашингтонда АҚШ бұрынғы президенті Роналд Рейганды соңғы сапарға шығарып салу салтанатына қатысады. Сондай-ақ Рейганды жерлеуге әлемнің 165 елінің өкілдері жиналды. Олардың арасында бұрынғы Совет Одағының президенті Михаил Горбачев және Ұлыбританияның бұрынғы үкімет басы Маргарет Тетчер бар.
XS
SM
MD
LG