Accessibility links

Еуропарламент депутаттарын сайлауда ЕуроОдақ елдерінің дауыс берушілері билік партияларына немқұрайды көзқарас көрсетіп, дауыс беруге белсенді қатыспады.


ЕуроОдақтың 25 елінде Еуропарламент депутаттарын сайлау аяқталды. Мемлекеттердің басым көпшілігінде билік партиялары жеңілді. Әсіресе Германия, Польша және Чехияның социал-демократттары, Ұлы Британияның лейбористері ойсырай жеңілсе, жеңіске жеткен жалғыз билік партиясы – Испанияның социалистері болды. Бастапқы дерек бойынша, 732 орында Еуропарламентте оңшыл-центристер 250 мандат, социалистер 200-ден сәл көп мандат алды, әсіре оңшылдар мен әсіре солшылдардың қатары ұлғайды. Дауыс беруге Батыс Еуропа сайлаушыларының 45 пайызға жуығы, ЕуроОдақтың жаңа мүшелерінде орта есеппен 30 пайызы қатысты.
XS
SM
MD
LG