Қазақстан, Беларусь, Ресей, Қырғыз, Тәжікстан мемлекеттерінің басшылары еуразиялық экономикалық кеңістіктегі экономикалық интеграцияны одан әрі тереңдетуге бағытталған мәселелерді талқыламақ.
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде бекітілген халықаралық келісімдердің күшіне енуі үшін қажетті мемлекет ішіндегі рәсімдердің орындалуын бақылау, сондай-ақ энергетика саласындағы өзара ынтымақтастық, темір жол тасымалдарында біріңғай баға жасау және басқа да мәселелер талқыланады деп жоспарланыпты.
Сөз болып отырған қоғамдастықтың келешегіне парламент депуаттары мен саясаткерлер әртүрлі пікір білдіріп отыр.
Парламент Мәжілісінің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің мүшесі Қуаныш Алпысбеков еуразиялық идеяның болашағы өте зор деп есептейді.
Мәжіліс депутаты Болат Әбішев Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың экономикалық реформаларға ықпал ететініне сенімді.
Саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов пікірінше, еуразиялық экономикалық қоғамдастық халықтың пікіріне сүйеніп, экономика жағдайында ұлттық мүддені ескеретін болса болашағы бар.
Саясаткер Сейдахмет Құттықадам әртүрлі қоғамдастықтар мен ұйымдардан келіп жатқан ешқандай пайда жоқ деген пікірді айтты.
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің отырысы мемлекет басышалыр деңгейінде жылына бір рет өткізіледі.