Еуропарламентке депутат сайлауының қорытындылары ЕуроОдаққа мүше елдер үкіметтерінің басым көпшілігін ауыр ойға қалдырды. Сайлау қорытындылары шынында да көңіл қалдырады: ЕуроОдақтың Испания, Грекия және Словакия сынды 3 елінде ғана билік партиялары жеңіске жетті. Германиядағы социал-демократиялық партияның жеңілуіне қарамастан, неміс канцлері халық қолдамайтын әлеумет саласындағы реформаларын одан әрі жалғастыратынын мәлімдеді.