Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарға қарағанда осы жолы ШЫҰ на мүше мемелекеттердің басшылары аймақтағы қауіпсіздік мәселелері, терроризмге қарсы күрес мәселелерін талқылаумен бірге бірқатар саяси құжатарға қол қоймақшы. Маусымның 17 сі күні Ташкентте ШЫҰ ның аймақтық антитеррорлық құрылымының атқару комитетінің ресми ашылу болмақшы. Өткен жоғары дәрежелі кездесуде ШЫҰ ның хатшылығы Шанхай қаласында ашылған болатын.
Қазақстандық сарапшы, кәсібі дипломат Болатхан Тайжанның айтуынша ШЫҰ ның аймақтық қауіпсіздік мәселесін сақтаудағы рөлі жоғары болмақ. Өйткені бұл ұйымға Ресей мен Қытай секілді екі алыптың мүше болып отыруы көп мәселенің дұрыс жолмен шешілуіне өз ықпалын тигізбекші. Ал сарапшы маман Досым Сатпаевтың айтуынша ШЫҰйымы бара бара саяси ұйымнан гөрі экономикалық мақсатты мүде еткен ұймға айналып кетуі ғажап емес. Өйткені Қытайдың көксеп отырғаны осы, ол аймақтағы қауіпсіздік мәселесін сылтау етіп Орталық Азия аймағына соның ішінде Қазақстан мен Өзбекстанға барынша енуді мақсат етіп отыр дейді ол. Ташкент саммиті екі күнге жалғасады.
Маусымның 16-17 сі күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше 6 мемелекет: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Қытай және Өзбекстан басшылары қатысқан жоғары дәрежелі кездесу өткелі отыр. Бұл биылғы жылдың басында Шанхай қаласында болып өткен ШЫҰ на мүше мелекеттердің сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуі кезінде келісілген болатын. Осы жолғы Ташкент кездесуіне алғаш рет Ауғанстанның уақытша үкіметінің басшысы Хамид Карзай және Моңғолия президентінің арнайы өкілі Лувсангийн Эрдэнэчулуун қонақ ретінде қатыспақшы.