АҚШ президентінің айтуынша, АҚШ егемендік құқығын Ирақ үкіметіне өткізгеннен соң, ал-Садр мәселесімен, маусымның соңынан бастап, жаңа басшылық шұғылданатын болады.
- Толық егемендік дегенде, біз, егемендік құқықтың түгелдей Ирақтың жаңа үкіметіне өткізілуін түсінеміз. Ал-Садрмен солар келісе жатар, - деген президент Буш.
Ал сейсенбі күні, өтпелі кезең президенті Ғази ал-Йауер, егер ал-Садр өз қарулы тобын таратса, болашақта Ирақ ұлттық саясатына араласа алады, деген. Көмекшілерінің айтуына қарағанда, Ал-Садр 2005-жылғы сайлауда қатысу үшін өз саяси партиясын құрмақ көрінеді.
АҚШ президенті Буштың айтуынша, маусымның 30ынан кейін АҚШ радикалды мұсылман шииттері көсемі Моқтада ал-Садрдің саяси іс-әрекетіне араласпайды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?