Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш маусымның 30да үкіметтік билік Ирақтық жаңа басшылыққа өткеннен кейін Саддам Хұсейн сол ресми басшылық құзырына өткізіледі деген.


Президент Буш белгілі бір күнді атамағынымен, Саддам Хұсейнге орай сақтық шаралары іске асырылады, деген. Ал Қызыл крест ұйымының айтуынша, АҚШ бастаған одақтастар Саддамға не қылмыстық айып тағуы керек, не болмаса Ирақ егемендігі орнаған кезде бостандыққа жіберуілуі қажет екен. АҚШтың Ирақтағы әкікмшілік өкілі Дан Сенордың айтуынша, АҚШтық ресмилер Саддам Хұсейн мәселесін Ирақтық басшылықпен талқылауда көрінеді.

- Екі тарап та Саддамды Ирақтықтарға беру жағында. Мақсатымыз – бір. Бар әңгіме мәселенің қай кезде шешілуінде қалып отыр, - дейді Дан Сенор.

Оның айтуынша, Саддам Ирақтағы жанжалдар тоқтағанға дейін соғыс тұтқыны ретінде қала бермек.
XS
SM
MD
LG