Маусымның 16 сы күні Алматыдағы Ғалымдар үйінде өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте Бұқаралық Ақпарат Құралдарының рөлі» атты семинар жұмысына қазақстандық журналистер және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бұл семинарды Германияның « Фридрих Эберт» атындағы қоры және Халықаралық «Транспаренси – Қазақстан» қоғамдық қоры сондай ақ Британиялық « Соғыс және Бейбітшілік» мәселерін хабарлап тарату Институты бірлесіп ұйымдастырды. Семинарды ұйымдастырушылардың бірі «Транспаренси – Қазақстан» қорының басқарма бастығы Виталий Вороновтың айтуынша Қазақстан қоғамы сыбайлас жемқорлыққа әбден малынған сондықтан да бұл ең өткір мәселелердің бірі болып тұр.
Германия астанасы Берлин қаласында орналасқан Транспаренси- Интернешнл яғни коррупцияға қарсы күресу ұйымы 1993 тен 2003 жыл арасындағы 10 жылды қамтыған әлем елдеріндегі сыбайлас жемқорлықтың көрсеткіші қаншалықты екендігін көрсеткен баяндамасында Қазақстан әлемдегі 133 елдің арасында 100 ші орында яғни сыбайлас жемқорлық күшті дамыған елдер қатарында тұр.
Заңгер В.Вороновтың айтуынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің жалғыз жолы ол қоғамды ашық қоғамға айналдыру, яғни қоғам жариялылық, ашықтық және мөлдірлік негіздерге сәйкес құрылуы қажет болмақ. Бұл әрине БАҚ тың көмегенсіз жүзеге асуы мүмкін емес деді ол. Бірақта осы мәселеге байланысты В.Воронов қазақстандық журналистерің өз құқықтарын және заңдарды жақсы білмейтіндіктерін айтты.
Көп жағдайда журналистер қоғамдағы қандай бір проблемалық мәселелерді көтергенде мәселені жан жақты қамтып, оны терең талдаудың орнына бер жағынан жеңіл желпі, жақсы зерттемей жаза салуы жиі кездеседі, ақыры бұдан болып журналист сотта жеңіліс тауып қалуы да ықтимал. Сондықтан да журналист оқиға туралы терең қамтылған, мәлімет деректермен сөйлеу керек дейді Фридрих Эберт атындағы қордың Орталық Азиядағы өкілі Райнхард Крумм.
Алайда апталық «Сөз» газетінің бас редакторы Шәріп Құрақбаевтың айтуынша Қазақстан үкіметі сыбайлас жемқорлық кең жайылған мұнай, астық, түрлі қазба байлық өндіру саларына журналистерді жолатпауға тырысады. Сондықтан қандай бір мәлімет деректер алу деген қиын іс болыр отыр.