Accessibility links

Қырғызстанның бұрынғы өкімет басшысы елбасылық сайлауға үміткер ретінде қатыспақшы.


Қырғызстанның бұрынғы өкімет басшысы елбасылық сайлауға үміткер ретінде қатыспақшы. Адам хұқықтарын қорғаушы белсенділер бұл ұсынысқа күманмен қарауда.

Қырғызстандағы келесі елбасылық сайлау 2005-ші жылдың қазан айына белгіленіп отыр. Яғни, оған дейін бір жылдан аса уақыт бар. Осыған қарамастан бұрынғы өкімет басшысы Құрманбек Бакиевтің үміткер ретінде тіркелетіндігі белгілі болып отыр. Ол- саясаткер ретінде өз елінде белгілі тұлға. Алайда, сайлаушылардың Бакиев жайлы пікірлері қандай? Еркіндік атты оппозициялық партия жетекшісі, сондай-ақ Ел үшін атты блоктың басшысы Топчубек Тургуналиев үміткер жөнінде былай деген болатын. Мұндай қолдауға,әрине, Бакиев мырза ризашылық сезімін білдіріп өтті. Мүмкін оның өзі және жақтастары үміткер ретінде ертерек тіркеуден өтуді жариялаған кезде бір мақсатты ұстанған болар. Дей тұрғанмен, Ата-мекен партиясы мен Әділ сайлаулар үшін блогының төрағасы Өмірбек Текебаев әдеттегісіндей пікірін былай деп ортаға салған болатын. Ал, оппозициядағы басқа партиялар Бакиевтің саясаткер ретіндегі болмысына өзге бір қырларынан көз жіберуде.

Еске салып өтер болсақ, Ар-Намыс партиясының басшысы Феликс Кулов Бішкек мэрі қызметінен кетісімен өзінің елбасылық сайлауларға үміткер ретінде қатысатындығын жариялаған болатын. Оның мақсаты 2000-шы жылдың ақпан айындағы Парламенттік сайлаулар барысында жеңіске жетіп, содан кейін ол жеңісті елбасылық таққа барар жолдағы баспалдақ ретінде пайдалану еді. Алайада оған, көп өтпей-ақ қылмыстық айыптар тағылып, түрмеге қамалғаны белгілі. Қазір де Кулов мырза абақтыда. Бұл жолы да қандайда бір күтпеген кедергілерге жолығып қалмас үшін Ар-Намыс партиясы елбасылық бәйгесіне қатысатын өз үміткерін алдын-ала жарияламайтындықтарын хабарлап отыр.

Ал, Бакиев туралы сөз басқа. Себебі оның есімі 2002-ші жылғы наурыз айында елде орын алған саяси күш қолдану әрекеттерімен тікелей байланысты. Ақсы аймағындағы атақты толқулар тұсында Бакиев мырза Қырғызстанның өкімет басшысы болған. Дәл сол оқиғаларға қатысушы қарапайым халыққа қарсы оқ атылып, қан төгілгенде өкімет өкілдері полиция жасақтарының әрекеттерін қолдап шыққан болатын. Елдің азамат соғысы жағдайында тұрғаны ескертілгеннен кейін ғана Бакиев және басқа ресми тұлғалар қызметтерінен кетуге мәжбүр болған-ды.

Адам хұқықтарын қорғаушы белсенділердің бірі және кезінде өзі де елбасылық сайлауларға үміткер ретінде қатысқан Тұрсынбек Ақунның пікірінше Бакиев мырза елбасылыққа лайықты емес. Кейбір сарапшылар Бакиевтің кезінде экономикалық қиын түйіндерді шешуге атсалысқандығын тілге тиек етуде. Ол жөнінде пікірлер- осылайша, әрұдай. Қырғыз елбасылығына ұмтылғандардың ішінде Куловтан да өзге қуғынға ұшырағандар бар. Халықаралық ұйымдар сындарынан кейін елбасы Асқар Ақаев бұл жолы әділ сайлаулар өткізуге уәде берген еді. Әліптің артын бағайық.
XS
SM
MD
LG