Accessibility links

Сәрсенбі күні Ирақтағы Балад қаласындағы АҚШ әскери базасына жасалған зымыран шабуылынан америкалық 3 сарбаз қаза тауып, 26 адам жараланған.


Олардың арасында екі қатардағы азамат та бар. Ал батыс аймақтағы Рамади қаласында жол жағасында болған бомбы жарылысынан тағы да бір неше адам опат болған. Сондай-ақ, солтүстіктегі Киркукте қарулы қолынан бір мұнай маманы қаза тапқан. Мұнай құбырларындағы шабуылдар кесірінен мұнай экспорты тоқтап тұр.

АҚШ президенті Буштың айтуынша, мұндай қақтығыстар алдағы кезде де жалғасуы мүмкін. Бірақ бүлікшілдер жеңіліс табады, деген Ақ үйден тұрып президент Буш.
XS
SM
MD
LG