Accessibility links

Тәуелсіз коммиссия 2001 жылғы 11-қыркүйекте болған террорлық шабуылдарда айыпталған Ал-Қайда ұйымымен Саддам Хұсейн арасында, бұл ретте, байланыс болмаған деген қорытындыға келді


2001-жылы қыркүйектің 11і күні болған терорлық шабуылдардың себеп-салдарын зерттеуші АҚШтық тәуелсіз коммиссияның сәрсенбі күні мәлімдегеніндей, Осама бин Ладен осыдан он жыл бұрын ол кездегі Ирақ президенті Саддам Хұсейнге көмек бермек болған. Бірақ одан Саддам бас тартқан. Сонымен коммиссияның бұл жазба баяндамасы АҚШ президенті Буш әкімшілігінің Саддам мен бин Ладеннің Ал-Қайда ұйымымен байланыстығы жөніндегі дерек-мәліметтеріне бүткілдей қарама-қайшы келіп отыр.

Президент Буш сондай байланыс бар деген желеумен Ирақтағы соғысты бастаған болатын.

АҚШтағы террорлық шабуылдар бойынша Ұлттық коммиссияның сәрсенбі күнгі баяндамасында келтірілгеніндей, Саддам Хұсейн бин Ладен мен кездесуге Суданға Ирақ барлау қызметінен өз жоғары дәрежелі өкілін 1994-жылы жіберген екен. Бірақ міне сол кезде Саддам бин Ладеннің ұсынған көмегіне қарсы болған, делінген комиссия Баяндамасында.

Бұл Баяндамада жазылғанындай, Ал-Қайда ұйымының Саддам мен немесе өзге де бір үкіметтік органмен байланыстығы жөнінде ешқандай деректі күәлік мәлімет жоқ екен. Бір ғана дерек, Ауған талиптері Ал-Қайда ұйымына ол елде жұмыс істеуіне рұхсат еткен көрінеді.

Бұл коммиссияның террорлық шабулдар жөнінде және АҚШ үкіметінің жауабы жөніндегі 12ші тыңдауы болатын. Күәлар Ал-Қайданың ұйымдық әрекеттері жөнінде, және мұсылман қайрымдылық және қарулы ұйымы ретінде қандай іс-әрекеттер жасайтындығы туралы айтқан.

Чикагодағы федералдық тергеушілердің бірі - Пәтрик Фиджералд. Ол сондай-ақ АҚШ Орталық барлау агенттігінің қызметкері. Терроршылыққа қатысты көптеген істерді зерттеген сол Фиджералдтың айтуынша, Ал-Қайда АҚШ атқарар жұмыс, шаралар жөнінде, сондай-ақ өз шегараларын қалайша қорғайтындығы туралы терең мәліметке ие. Сондықтан барлаушының пікірінше, АҚШ және батыстық ресмилер Ал-Қайданың үлкен мүмкіндігін назардан тыс қалдырмауы керек.

- Ал-Қайдадан келетін қауып жөніне келгенде , біз олардың өте білімді, сабырлы және аса жоғары деңгейде дайындықтан өткендігін мойындауымыз қажет. Сонымен қатар, олар біздің күш-қабылиетімізді, осал жақтарымызды да жақсы біледі. Олар сол осалдықтан дер кезінде ұтымды пайдалана білуге жаттыққан - дейді Патрик Фиджералд.

Барлаушының айтуынша, Ал-Қайда АҚШтық иммиграция ресмилерінің қандай жұмыс істейтіндігін, және олардың істерін қалайша жоюды да жақсы біледі. Олар ел ішіне кіріп алып, жергілікті халықпен жақыннан араласып кетудің де шеберлері, дейді "Др К" " деп құпия аталатын Патрик Фиджералд.

-

Бин Ладен өзі жасаған бағдарламасын ойдағыдай іске асыру арқылы бедел жинаған. Оның әрқашан сөзі мен ісі сәйкес келеді. Сондықтан олардың барлық жерде қолдаушылары болған, - дейді "Др К".

Сонымен, АҚШтық тәуелсіз коммиссияның жасаған қорытындысына орай, Саддам мен Ал-Қайда арасында байланыс болмаған. Ал бұл -Осама бин Ладеннің Ирақтың жәрдемінсіз жеке дара іс-әрекетте болғандығын көрсететін айғақты дерек. Мысалы, Ай үйде ондаған жылдан бері терроршылыққа қарсы күрес бөлімінің жетекшісі болып келген Ричард Кларктың айтуынша да, Саддам мен Ал-Қайда арасында ешқандай байланыс болмаған. Оның үстіне, берілген мұсылман болмағандығы үшін Бин Ладен Саддамды жек көрген деген сөздер де бар.

Дегенмен осындай мәліметтерге қарамастан, дүйсенбі күні президент Буштың орынбасары Дик Чейни, Саддамның Ал-Қайдамен ежелгі жақын байланыстары жөнінде айтып, Ирақтағы АҚШсоғысын тағы да ақтамақ болды.

Ал ол байланыс жөнінде қойылған сұраққа президент Буш, Абу Мұсаб ал-Зарқауидің соңғы шабуылы сол Ал-Қайдамен байланысты деп түсіндірмек болған.
XS
SM
MD
LG