Accessibility links

Президент Буш тағы да кезекті рет Саддам Хұсейн АҚШ үшін қауіпті еді, себебі ол террорлық ұйымдармен байланыста болған деп бейсенбі күні қайталады.


– Саддам Ал-Қайда сықылды АҚШтың қас жауы еді. Оның текқана Ал-Қайдамен емес, өзге де бірқатар террорлық ұйымдармен байланыстығы АҚШ үшін үлкен қауіп еді, - деген Дж.Буш.

Буштың айтуынша, Саддам режимі мен терроршылар арасында 2001-жылы қыркүйекітің 11іне дейін өзара байланыс болған. Бірақ тәуелсіз комиссия сәрсенбі күні бүкіл әлемге мәлімдегеніндей, Саддам мен Ал-Қайданың өзара байланыс жөнінде дәйекті дерек табылмаған. Сондай-ақ, Буш бар дегенімен, Ирақтан осы кезге дейін, жаппай қырғын қарулары да табылмай отыр.
XS
SM
MD
LG