Вашингтондағы бейсенбі күнгі бас қосуында, комиссия, ол террорлық шабуылдарға байланысты сауалдарға АҚШ әскери басшылығы және азаматтық авиация ресмилері дұрыс жауап бере алмады деп мәлімдеді.
Баяндамада айтылғанындай, қыргүйектің 11і күні терроршылар тұтқынға алған 4 бірдей ұшақты соғып түсіру үшін әскери ұшақтар тартылмаған. Ал ол ұшақтарды соғып құлатуға бұйрықты, президент Буштың келісімімен, президент орынбасары Чейни береген. Бұш ол кезде Вашингтонда болмаған.
Бұл жағдайға орай АҚШ біріккен күштері штабының бастысы генерал Майерс былай деген.
- Ол кездегі әскери жағдайға орай, біз АҚШтан сыртқы аймақтан келген қауіп-қатерге қарсы шара қолдануымыз қажет еді. Соған қарамастан, біздің қызметкерлеріміз ол күні өз міндеттерін жоғары деңгейде атқара білді, - дейді генерал.
Тәуелсіз комиссияның толық есептік баяндамасы шілденің 26сы күні жарияланбақ.