Accessibility links

“Қыркүйек айында болатын Ұлттық сайлаулар қарсаңында елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ауғанстанға НАТО жасақтары көптеп келуі тиіс”-, дейді БҰҰ-ның өкілі.


Ауғанстанның Қорғаныс министрлігі Ғор провинциясына өз әскерін жіберуде. Себебі, өткен аптада жергілікті қолбасшыға бүйрегі бұратын әскери күштер провинция орталығында бүліншілік жасаған болатын. Демек ертең онда бір батальон әскер жөнелтілетін болады. Шабуылшылар, сондай-ақ зымырандық гранаталармен БҰҰ-ның елдегі сайлауларды ұйымдастыру бойынша кеңселерін көздеген екен. Оның кесірінен бірнеше көліктер істен шыққан боп тұр. Қабылда бірнеше жүздеген шерушілер Хамид Қарзайдың биліктен кетуін талап етісті. Себебі оның ресми түрдегі билік мерзімі өтті-, дейді олар.
XS
SM
MD
LG