Accessibility links

Ұлы Британияның дипломаттары Ираның британдық 3 теңіз кемесі мен оның 8 теңізшісін тұтқындауынан кейін Теһран өкілдерімен байланысты.


Ұлы Британияның дипломаттары Ираның британдық 3 теңіз кемесі мен оның 8 теңізшісін тұтқындауынан кейін Теһран өкілдерімен байланысты. Иран жағының мәлімдеуінше, дүйсенбі күні Иран мен Ирақ арасындағы теңіз суынан патрульдік 3 жүйрік қайық ұсталғаннан соң, оның командасынан тергеу алынған. Ол қайықтар теңіздің Иранға қарайтын суына басып кірген. Қамауға алынған қайықтар мен 8 теңізшінің қашан босатылатынын Теһран хабарламай отыр. Лондонның мәлімдеуінше, әлгі теңізшілер Иранның теңіз жағалауы күзетін оқытқан британ флотының өкілдері көрінеді.
XS
SM
MD
LG