Accessibility links

Қолға кеше түскен британиялық сегіз теңізшінің ісін мұқият түрде қарауды Иран ресми өкілдері ойластыруда.


Ирақ пен Иран арасын бөліп жататын Шат әл-Араб атты су жолынан адасып өтіп кеткен олар үш қайықтарымен бірге кеше тұтқындалған болатын. Британиялық әскери майор Иан Клоней Ройтер ақпарат агенттігіне берген сұхбатында бұл оқиға жөнінде былай деген болатын: “Ирақтың Азаматтық Қауіпсіздік бөліміне және Өзендерді Бақылау департаментіне көмек ретінде, олардың жасақтарын британиялық теңізшілердің жаттығудан өткізіп жүргендеріне бірнеше ай болған-ды. Демек, британиялық ол қайықшылар өздерінің күнделікті міндеттерін атқарып жүрген. Яғни, бұл қадамдар күтпеген тірліктер болмаған”-, деді британиялық майор. Техрандағы Британия елшілігінің айтуынша, Британия Сыртқы істер министрі Жак Стро мен Иран Сыртқы істер министрі Камал Харрази аталған оқиғаның себеп-салдарларын бүгін таңертең телефон арқылы талқыласқан болатын.
XS
SM
MD
LG