Accessibility links

Кеше Ирақтың Фаллужа қаласында АҚШ әуе шабуылдарын бастаған.


АҚШ бастаған коалиция күштерінің қолбасшысы генерал Марк Киммит иордан терроршысы Абу- Мусаб Зарқауидің адамдары жасырынған үй нысанаға алынды деген. Америка шенеуніктері ешкім де жараланған жоқ десе, беріліп жатқан хабарларға қарағанда төрт адам қаза тауып, тағы да бірнешеуі жарақат алған. Сенбі күні де шабуылдар нысанасына айналған бұл үй күдіктелген Әл-Зарқауи паналаған үй деп мәлімдеген болатын. Ал Фаллужа шенеуніктері әлгі үй ирақ отбасының баспанасы екендігін , онда ешқандай да шетелдік терроршы болмағандығын айтқан.
XS
SM
MD
LG