Accessibility links

Оңтүстік Корея үкіметі мұсылман жауынгерлері кепілдікке алған азаматының өлтірілгеніне қарамастан, Ираққа тағы 3 мыңдай әскер жіберу жоспарларын орындайтындықтарын айтқан.


Әл-Жазира телеарнасы қарулы жасақтар егер Ирақтағы Оңтүстік Корея әскерлері кетпейтін болса, кепілге алынған азаматтың басын алатындықтарын айтты деп хабарлаған-ды. АҚШ президенті Дж. Буш мұндай айуандық әрекеттерден азат әлем қорқып-үрікпейтін болады деген: -Мен Оңтүстік Кореяның президенті Рох Муиоонмен сөйлесе алмадым. Бірақ та президент Рох мұндай айуандық істерден еркін әлем қорықпайтынын түсінеді ғой деп үміттенген болатынмын. Қараңыздар, олар біздің үмітіміз бен қалауымызды күл-талқан еткісі келеді. Олар бізді күштеп кетіріп, өздерінің қара ойларын адамдарға зорлықпен таңғылары келеді,-деп атап көрсетеді Буш.
XS
SM
MD
LG