Accessibility links

БҰҰ мәліметі бойынша Ауғанстанда өндірілетін есірткінің 25 пайызы бұрынғы кеңестік Орта Азия республикаларын басып өтеді екен.


Соңғы жылдары Орта Азия Ауғанстан есірткісін Ресей мен Еуропаға таситын жол өтетін транзиттік аймаққа айналғаны аян. БҰҰ мәліметі бойынша Ауғанстанда өндірілетін есірткінің 25 пайызы бұрынғы кеңестік Орта Азия республикаларын басып өтеді екен. Соның салдарынан бұл аймақта есірткінің бұрын - соңды болмаған дәрежеде шоғырлануы БҰҰ ын қатты алаңдатып отыр.

Орта Азия елдері есіртікінің бұл елдерде бұрын –соңды болмаған дәрежеде шоғырлануынан шошып отыр. Есірткі шоғырлануының сесебі бұл елдердің әлемдегі ең көп есірткі өндіретін ел Ауғанстанмен көрші болуынан еді. Екінші жағынан Орта Азиядағы жұмыссыздық өмірден түңілушілік есірткінің аймақта кең таралуына құнарлы топырақ болып отыр. Есірткі еркектер арасында ғана емес, Орта Азия әйел-қыздарының да арасына кең тарап оларды баудай түсіріп жатыр дейді Душанбедегі нашақорлықпен күрес жөніндегі бейресми ұйым директоры Мұртазақұл Хыдыров:

"Дүшанбеде нашақорлардың 30 пайызы әйел-қыздар. Тіптен кейбір қыздар есірткі алуға ақшаны жезөкшелікпен де табады"

БҰҰ ның Қазақстан бойынша нашақорлар саны 2000 жылы 186 мың кісі болған. Қырғызстандағы нашақорлар саны 100 мың болған. Тәжікістанда 55 кісі. Өзбекстанда 91 мың. Ал, Түрікменстаннан есеп-қисап алу мүмкін емес. БҰҰ ның Орта Азиядағы нашақорлық пен қылмыс бойынша өкілі Джеймс Каллаханның пікірі: "2000 жылдан бері біз нашақорлық жәйлі деректер ала алмай отырмыз. Біз негізінен үкімет жария еткен мәліметтерге сүйенеміз"

Халықаралық Дағдарыс тобының Орта Азия бойынша маманы Давид Левис:

"Жастардың көбі өмірде тап болған қиыншылықтардан құтылудың жолдарын іздейді. Қиыншылықтар жұмыссыздықтың молаюы, білім алуға мүмкіндіктің жоқ болуы. Оған есірткінің Орта Азияда арзан болуын да қосыңыз,"- дейді.

Ал, үкіметтер болса нашақорларды емдеудің орнына кей жағдайда олардың адамдық құқын аяқ асты етіп жатады дейді Халықаралық Хюман Раитс Вотш ұйымы.
XS
SM
MD
LG