Ол таспа әл-Қайда ұйымының Ирақтағы бөлім басшысы деп есептелетін Әбу Мұсаб әл-Зарқауйден болуы мүмкін, дейді бұлақтар. Қай күні түсірілгені көрсетілемеген бұл бейне таспа Ислам веб парақшасында бүгін пайда болды. АҚШ тарапы Зарқауйді Ирақтағы қантөгістерді тікелей басқарып отыр, деп айыптап, оның өлі-тірісі немесе қолға түскені жөнінде хабар жеткізген адамға 10 миллион доллар төлемақы беретіндіктерін жариялаған болатын. Онымен байланыстағы топтар Ирақтағы бомбалық шабуылдарды ұйымдастырғандарын және кеше оңтүстік кореялық тұтқынның басын алғандықтарын хабарлауда.