Accessibility links

“Әділ сөз” қоры парламентке ашық хат жолдады


Халықаралық “Әділ сөз” сөз бостандығын қорғау қоры Қазақстандағы баспасөз күні қарсаңында Қазақстан үкіметі мен парламент депуттарына БАҚ пен журналистердің құқығын қорғау мақсатында ашық хат жолдады. “Әділ сөз “ қорының өкілі Ғалия Әженованың айтуынша, “Әділ сөз” қорының өкілдері ашық хат арқылы құзырлы органдардан ҚР Қылмыстық кодесіндегі жоғары лауазымды шенеуніктің ар-намысын қорғау туралы арнайы 6 бабты алып тастау, сондай-ақ Азаматтық кодекске сәйкес азаматтардың ар-намысқа байланысты шағым түсіру мерзіміне шектеу қоюды талап етіп отыр.

ҚР үкіметі мен парламент депутатарына БАҚ пен журналистердің құқығын қорғау мақсатында ашық хат жариялағандықтарын “Әділ сөз” қорының өкілі Ғалия Әженова бейсенбі күні “Азаттық” радиосына берген сұхбатында мәлімдеді. Ғалия Әженованың айтуынша, осыдан бір жыл бұрын “Әділ сөз” қоры ҚР Азаматтық және Қылмыстық кодекстеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу керектігі жөнінде, еркін ақпарат алу және оны тарату туралы заң жобаларын дайындап, парламент депуттарына ұсынған болатынбыз,- дейді.

Осы парламентке ұсынылған заң жобаларының ішінде БАҚ пен журналистің құқықтың мәртебесін белгілеу, сондай-ақ БАҚ пен журналисті аса маңызды қоғамдық институт ретінде тану, егерде БАҚ пен журналис адалдық пен демократия, қоғам мүддесі үшін қызметтерін істеп жүріп қателескен болса, оларды жауапкершіліктен босату, зардап шекккен журналистер үшін әлеуметтік кепілдіктер тағайындау туралы жағдайларды қарастырған болатын, - дейді.

Жаңа БАҚ туралы Заң қабылданбай кері қайтарылғанда бөркімізді аспанға атып қуанғанымызбен одан БАҚ пен журналистерге шектеу көбеймесе азаймай отыр. Оған мысалды алыстан іздемей-ақ президент әкімшілігінің оппозициялық бағыттағы “Ассанди – Таймс” газетін сотқа беруі, “Жас Алаш” газетіне ұлтаралық араздықты қоздырушы басылым ретінде айып тағылып жатқандығы мысал, - деді Ғалия Әженова. Осы орайда айта кетер жайт Мәжіліс депутаты Иван Чиркалин “Жас Алаш” газетінде мамыр айының 27-сі күні жарияланған “Солтүстікті қазақтардың жағдайын кім ойлайды? “ деген мақалаға орай, маусым айының 23-і күні ҚР бас прокуроры Рашид Түсіпбеков пен Ұлттық Қаупсіздік Комитетінің төрағасы Нартай Дүтпаевқа мақала мазмұнына орай кінәлілерді тауып, жауапқа тарту жөнінде депутататық сауал жолдады. Ал “Жас Алаш” газеті ұжымынан газет бетінде ресми түрде кешрірім сұрауды талап етті. Тыңдарманға түсінікті болу үшін айта кетер жайт “Жас Алаш” бетінде 27 мамыры күнгі “Солтүстіктегі қазақтардың қамын кім ойлайды?” атты мақалада Солтүстік өңірден сайланған депутаттар Иван Чиркалин мен Василий Трошихиннің аттары аталған еді. Осы мәселе қатысты біздер депутат Иван Чиркалинге телефон шалған едік. Алайда Чиркалин мырзаны орнынан таба алмадық. Ал Василий Трошихин мырза кейінірек хабарласуымызды өтінді.

“Жас Алаш” газетінің бас редакторы Жүсіпбек Қорғасбек мырза болса былай дейді.

-Бұл мәселеге байланысты айтарым – бұл жерде кешірім сұрайтындай ештеңе де жоқ. Біз Трошихинге де Чиркалинге де арнайы хат жаздық. Ол хатты газет бетінде жарияладық. Мынау менің жеке атыма тиіскен қате пікір деген сөз келетін болса, онда ойланып көруге болады. Бізге жалпылама айып тағылып отыр.

Орын алып отырған осы мәселеге қатысты “Әділ сөз” қорының өкілі Ғалия Әженова:

-Иван Чиркалин мен Василий Трошихин мырзалардың хатты жазған азаматтарды табыңдар, оларды жазалаңдар дегені болмайтын мәселе. Хат жазған оқырманды жазалау деген мүмкін нәрсе емес, – дейді.
XS
SM
MD
LG